Ыстамұлда Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы өтті

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі мен «Атамекен» Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстанның сыртқы сауда палатасының ұйымдастыруымен Стамбулда Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы өтті.

Сауда-экономикалық миссиясының ресми делегациясын Қазақстан Республикасы Сыртқы сауда палатасының Басқарма Төрағасының орынбасары Нұралы Бөкейханов басқарды.

Қазақстандық делегация құрамында машина жасау, құрылыс, фармацевтика, жеңіл және тамақ өнеркәсібі саласында 8 ірі тауар өндірушісі болды. Түркия Республикасы тарапынан тиісті салаларға 70-тен астам компания қатысты. Бизнес өкілдері қатарында инжиниринг, тамақ өнеркәсібі, құрылыс, лизинг және жеке көлік компаниялары, бірқатар бөлшек сауда желілері және т.б. компаниялар болды.

Түрік бизнесмендері ет, шоколад, металл конструкцияларын, бал, мұнай өнімдерін, газды және суды, сондай-ақ қазақстандық басқа да тауарларды импорттауға қызығушылық танытты.

ENKA Group түрік компаниясының өкілдерімен және Петропавл ауыр машина жасау зауыты, «Металлогамма» ЖШС және «IT & M» ЖШС сәтті келіссөздер өткізілді. «ARBZ» ЖШС-нің өкілі «Ozgun Insaat» түрік компаниясымен кездесті, оның барысында тараптар өзара ынтымақтастық туралы келісімге келді. Сондай-ақ, Қазақ тағамтану академиясында және «Шалқар Еті» ЖШС-де «ШАРМАН» ұлттық азық-түлік тағамдары орталығы сияқты азық-түлік өнімдерінің өкілдері түрік саудагерлерімен және қазақстандық өнімдерге қызығушылық танытатын ірі сатып алушылармен кездесті.

Оставить комментарий

avatar
  Жазылу  
Ескерте салу