Ұлттық арна Тәуелсіздік күніне орай үлкен жобалар дайындап отыр

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Тәуелсіздік күніне орай арнайы жобалар дайындады.

2018 жылдың 10 желтоқсан күні, Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Тәуелсіздік күніне орай дайындаған арнайы жобаларының таныстырылымы өтті.

Шараға телерадиокорпорацияның Басқарма төрағасы Ерлан Қарин қатыстып, «Qazaqstan», «Qazsport» және «Balapan» телеарналарының Тәуелсіздік мерекесіне орай эфирге шығатын арнайы жобалары туралы айтты.

Басқарма төрағасы Ерлан Қариннің айтуынша: ««Қазақстан» корпорациясының құрамына кіретін телеарналар мен радиолардың, оның ішінде Ұлттық арнаның  ең басты мақсаты – ұлттық өнерді, ұлттық құндылықтарды насихаттау. Еліміздің басты мейрамы-  Тәуелсіздік күніне біз ерекше мән береміз. Өткен жылы хабарлағандай, біздер жыл басында, ең басты жобаларымыздың тұсаукесерлерін арнайы Тәуелсіздік күніне жоспарлаған болатынбыз.  Сондықтан, ақпарат құралдары арқылы, біздің телевизиялық өнімдер арқылы, халық арасында Тәуелсіздік күнінің маңыздылығын арттыруға ұмтыламыз. Тәуелсіздік күніне орай, осы аптада болатын арнайы жобалардың бағдарламалық кестесін алдын-ала талқылаймыз. Себебі, бұл біздің ең үлкен, төл мерекеміз. Осы мереке күндері аудиториямыздың кең жиналатынын ескере отырып, танымды, тәрбиелік маңызы бар жобаларымызды дайындап, ұсынатын боламыз. Биыл, корпорацияға кіретін барлық құрылымдарымыз осы Тәуелсіздік күніне арнайы дайындалды. Ұлттық арна  «Кейкі мерген» және «Күй ғұмыр» атты тарихи телехикаялардың тұсауксерлерін осы Тәуелсіздік күніне арнайы жоспарланған болатын».

15 желтоқсаннан бастап, «Qazaqstan» Ұлттық арнасында 14:50-де 16 бөлімді «Кейкі мерген», ал, 17 желтоқсан күні, сағат 21:50-де күй өнері, қазақтың жаны – домбыраны арқау еткен «Күй ғұмыр» телехикаясы. 16 желтоқсанда, сағат 21:00-де «Men qazaqpyn»  гала-концертінің тұсаукесері. Гала-концертте «Men qazaqpyn» жобасының жеңімпаздарын терме, күй және ән жанрлары бойынша марапаттап, қазылар алқасының мүшелері Ұлжан БайбосыноваАйгүл Үлкенбаева, Айгүл Елшібаева өз өнерлерін көрсетеді.

15 желтоқсан күні, Тәуелсіздік күніне орай, сағат 18:20-да «Желтоқсанның 16 күні» атты деректі фильмі көрсетіледі. Сондай-ақ, Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің елеулі оқиғалары мен жетістіктері, ҚР Президентінің атқарған жұмыстары баяндалатын «Qazaqstan» телеарнасы және “Igraphic” дизайн студиясы бірлесе отырып дайындаған бейнероликтер топтамасы ұсынылатын болады.

Сонымен қатар, Ұлттық арна көрермендері әдеттегідей «Ұмытылмас әндер» концертін, «Әзіл әлемі» ойын-сауықтық бағдарламасының жаңа шығарылымын көре алады.

Ал, «Qazsport»  арнасында 16 желтоқсан күні, сағат 10:10-да «Анатолий Храпатый: Моя родная штанга» атты деректі фильмі,  19:35-те «Qazaqstan FIGHTER» реалити-шоуының финалдық көрсетілімі, 23:00-де «Astana arlans» кубогына арналған кәсіби бокс кеші көрерменге жол тартады.

         «Balapan» арнасы 10-шы желтоқсаннан бастап кішкентай көрермендерге  HD форматта 3 жаңа мультхикая тарту етпек.  Дүйсенбіден бастап 12:35-те «Айдар»,  12:45-те «Дала ойындары», 16:30-да  «Ертемір» анимациялық фильмдері эфирге жол тартады. Сонымен қатар, «Balapan» арнасының көрермендері «Орман күзеті» мен «Шахмат патшалығы»  мультхихаяларын тамашалай алады.

Оставить комментарий

avatar
  Жазылу  
Ескерте салу