Тимур Жақсылықов президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Ақорда таратқан ақпаратқа сай, Тимур Мекешұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

Айта кетсек, 19 қыркүйек  Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ерсайынұлы Шайхутдинов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарудан босатылып,   Ғ.Ж. Байжанов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалған. Сәйкесінше, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары Исатай Бақтиярұлы Сартаевқа Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директоры міндетін уақытша атқару жүктелген еді.

Тимур Мекешұлы Жақсылықов 1968 жылы 17 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында дүниеге келген. 1993 жылы М.В.Ломоносов атындағы ММУ-ді, 1997 жылы Страсбург саяси зерттеулер институтының магистратурасын (Франция) еуропалық зерттеулер облысындағы магистр дәрежесімен тамамдап, 2003 жылы Қазақ экономика және қаржы институтын «экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Семей бизнес және кәсіпкерлік институтының атқарушы директоры лауазымынан бастаған. 1997 жылдың желтоқсанынан 1998 жылдың қазанына дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде бас маман, бөлім бастығы болып еңбек еткен. 1998 жылдың қазанынан 1999 жылдың сәуірі аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының сектор меңгерушісі. 1999 жылғы сәуір мен 2002 жылғы наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Талдау орталығының сектор меңгерушісі лауазымын атқарды. 2002 жылғы наурыздан 2003 жылғы тамызға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жүйелі зерттеулер орталығы жетекшісінің орынбасары. 2003 жылғы тамыздан 2005 жылғы қараша аралығында ДСҰ-ға кіру жөніндегі Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің департамент директоры қызметін атқарып, Женева қаласындағы дүниежүзілік сауда ұйымы сұрақтары бойынша өкілдерінің тобына жетекшілік еткен. 2005 жылғы қарашадан 2006 жылғы ақпан аралығында «МТЗО» АҚ атқарушы директоры. 2006 жылдың ақпанынан қазан айына дейін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» РМК директорының міндетін атқарушы. 2006 жылғы қазаннан 2007 жылғы қыркүйекке дейін «Астана тұрақты даму орталығы» ЖШС директоры лауазымында қызмет атқарған. 2007 жылғы қыркүйектен 2009 жылғы қазан аралығында Астана қаласы әкімдігінде Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры, Астана қаласы әкімінің орынбасары лауазымдарында қызмет етті. 2009 жылдың қазан айынан 2010 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі болды. 2010 жылғы сәуір мен тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы лауазымын атқарған. 2010 жылдың тамыз айынан бастап «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ басқармасының төрағасы лауазымында қызмет атқарады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 195 қаулысымен Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі лауазымына тағайындалды. 2014 жылдың тамыз айында ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2017 жылдың 14 сәуірінен Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі болған.

Оставить комментарий

avatar
  Жазылу  
Ескерте салу