Қазақстанның 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

2018 жылғы қаңтар-желтоқсандағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы анықтама

(2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда)

1. Жалпы макрокөрсеткіштер

Алдын ала бағалау бойынша 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда ЖІӨ-нің өсуі 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,1%-ті құрады.

6 негізгі саланың (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс) даму серпінін қамтитын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,7%-ті құрады.

Инфляция жыл басынан бастап (2017 жылғы желтоқсанға қарағанда 2018 жылғы желтоқсанда) 5,3%-ті құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 5,1%-ке, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 6,4%-ке және ақылы көрсетілетін қызметтердің бағалары 4,5%-ке өсті.

Жылдық мәндегі инфляция 2017 жылғы желтоқсанда 7,1%-ке қарағанда 5,3%-ті құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 5,1%-ке, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 6,4%-ке, ақылы көрсетілетін қызметтер бағасы – 4,5%-ке өсті.

Айлық инфляция 2018 жылғы желтоқсанда 0,7% құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі қаңтар-желтоқсанда 17,2%-ке (2018 жылғы қаңтар- қарашада 18,3%, 2018 жылғы қаңтар-қазанда 20,8%, 2018 жылғы қаңтар – қыркүйекте 21,6%) ұлғайды.

Салалар бөлінісінде инвестициялардың елеулі өсуі өнеркәсіпте (27,1%-ке, 6 562,7 млрд. теңгеге дейін), құрылыс саласында (20,6%-ке, 116,5 млрд. теңгеге дейін), жылжымайтын мүлікпен жасалған операцияларда (20,1%-ке, 1 424,2 млрд. теңгеге дейін), ауыл шаруашылығында (14,2%-ке, 395,6 млрд. теңгеге дейін) байқалды.

Елдің халықаралық резервтері 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 88,6 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде Ұлттық Банктің алтын-валюта активтері 30,9 млрд. АҚШ долларыҰлттық қордың шетел валютасындағы активтері 57,7 млрд. АҚШ доллары.

Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай кірістері 2018 жылғы қаңтар-қарашада 1 002,4 мың теңгені құрады және 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 10,8%-ке, нақты мәнде 4,4%-ке өсті.

Орташа айлық номиналды жалақы 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда (бағалау) 161,4 мың теңгені құрады және номиналды мәнде 7,2%-ке ұлғайды.

Жұмыссыздық деңгейі 2018 жылғы желтоқсанда (бағалау) 4,9%-ды құрады.

2. Экономика салаларындағы ахуал

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда саудада (7,6%-ке), көлік саласында (4,6%-ке), өнеркәсіпте және құрылыста (4,1%-тен), ауыл шаруашылығында (3,4%-ке) және байланыста (2,6%-ке) өсудің оң серпіні байқалды.

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,1%-ке ұлғайды. Өсу кен өндіру өнеркәсібінде, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде де өндірістің синхронды ұлғаюына негізделген.

Темір кенін өндірудің – 6,5%-ке, табиғи газды өндірудің – 5,5%-ке және шикі мұнайды өндірудің – 4,8%-ке өсуі есебінен кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде өндіріс 4,6%-ке ұлғайды.

Машина жасау – 14,1%-ке, мұнай өңдеу өнімдерін өңдіру – 8,8%-ке, химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру – 8,1%-ке, қағаз және қағаздан жасалған өнімдерін өндіру– 4,9%-ке, жеңіл өнекәсібі – 4,4%-ке және резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру – 3,1%-ке өсуі есебінен өңдеу өнеркәсібінде 4,0%-ке ұлғаю орын алды.

Қара металлургия өндіруде 1,7%-ке төмендеу байқалуда.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа 2,4%-ке өсті.

Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі 1,0%-ке төмендеді.

Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің 3,9%-ке және өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісінің 3,1%-ке ұлғаюы есебінен ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің өсуі 3,4%-ті құрады.

Құрылыс жұмыстары көлемі 4,1%-ке өсті.

Маңғыстау (40,8%-ке), Атырау (27,2%-ке), Түркістан (21,7%-ке) және Жамбыл (21,3%-ке) облыстарында тұрғын үйді пайдалануға беру қарқынының айтарлықтай өсуі есебінен 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда тұрғын үйлерді пайдалануға беру 12,1%-ке өсті.

Көлік қызметтерінің көлемі 4,6%-ке өсті. Байланыс қызметтерінің көлемі 2,6%-ке ұлғайды. Бөлшек және көтерме сауда көлемі 7,6%-ке өсті.

3. Қаржы секторы

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша экономика салаларына екінші деңгейдегі банктердің кредиттері 13 091,8 млрд. теңгені құрады және 2018 жылдың басынан бастап 3,0%-ке ұлғайды. Заңды тұлғаларға берілетін кредиттер жылдың басынан бастап 4,6%-ке 7 789,1 млрд. теңгеге дейін төмендесе, жеке тұлғаларға берілетін кредиттер 16,8%-ке 5 302,6 млрд. теңгеге дейін өсті.

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда жаңадан берілген кредиттердің көлемі 13 460,4 млрд. теңгені құрады және 2017 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 24,4%-ке өсті.

Берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 2018 жылғы желтоқсанда 12,3%-ті құрады.

Ұзақ мерзімге берілген кредиттер бойынша 2018 жылғы қаңтарда 16,9%-тен 2018 ж. желтоқсанда 12,9%-ке дейін, қысқа мерзімді кредиттер бойынша 13,1%-тен 11,8%-ке дейін төмендеу байқалып отыр.

Қысқа мерзімді кредит беру көлемі 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2017 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 19,9%-ке 7 341,7 млрд. теңгеге (үлесі 54,5%) дейін, ұзақ мерзімді кредит беру көлемі 30,2%-ке 6 118,7 млрд. теңгеге (үлесі 45,5%) дейін ұлғайды.

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда жаңа кредиттер негізінен саудаға (4 679,9 млрд. теңге – үлесі 34,8%) және өнеркәсіпке (2 105,8 млрд. теңге – үлесі 15,6%) бағытталды.

Құрылысқа 533,4 млрд. теңге (үлесі 4,0%), көлік саласына – 395,3 млрд. теңге (үлесі 2,9%), сондай-ақ ауыл шаруашылығына – 112,0 млрд. теңге (үлесі 0,8%) бағытталды.

Депозиттер 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 18 553,2 млрд. теңгеге жетіп, жылдың басынан бері 6,0%-ке, оның ішінде жеке тұлғалардың депозиттері – 6,6%-ке 8 656,8 млрд. теңгеге дейін, заңды тұлғалардың депозиттері – 5,4%-ке 9 896,5 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

Ұлттық валютадағы депозиттер үлесі 2018 жылғы желтоқсанда 50,6%-тен 2019 жылғы қаңтарда 51,6%-ке дейін ұлғайды.

Айналыстағы қолма-қол ақша (М0 – банк жүйесінен тыс ақша)көлемі жыл басынан бастап 16,1%-ке ұлғайып, 2 260,2 млрд. теңгені құрады.

Ақша массасы (М3 – айналыстағы қолма-қол ақшаның және банктік емес резидент заңды тұлғалардың және халықтың ұлттық және шетел валютасындағы аударылатын және басқа да депозиттерінің сомасы) 2018 жылдың басынан бастап 7,0%-ке

20 813,4 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

2018 жылғы желтоқсанда теңгенің АҚШ долларына қатысты ресми бағамы 1 АҚШ долларына 369,4-384,2 теңге ауқымында құбылды, 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда орташа есеппен 1 АҚШ долларына 344,7 теңгені құрады.

4. Төлем теңгерімінің көрсеткіштері

2018 жылғы 9 айда төлем теңгерімінің ағымдағы операциялары шотының сальдосы жақсарды.  Теріс сальдо 2017 жылғы ұқсас кезеңдегі ЖІӨ – ге қатысты (-2,8%) немесе 4 636,4 млн. АҚШ долларына қарағанда ЖІӨ – ге қатысты (-0,3%) немесе 487,6 млн. АҚШ долларын құрады.

Шетелдік инвестициялардың таза ағыны 4 885,0 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2017 жылғы 9 айдың деңгейінен 69,4%- ға жоғары (2 883,3 млн. АҚШ доллары).

Алдын ала бағалау бойынша 2018 жылғы қаңтар-қарашадағы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 84,3 млрд. АҚШ долларынқұрады және 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20,5%-ке ұлғайды, оның ішінде экспорт – 54,7 млрд. АҚШ долларын(26,4%-ке өсу), импорт – 29,7 млрд. АҚШ долларын (11,1%-ке өсу) құрады.

5. Мемлекеттік бюджеттің көрсеткіштері

Мемлекеттік бюджетке түсімдер 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда 10 924,7 млрд. теңгені құрады және жылдық жоспарға қатысты 101,8%-ке орындалдыоның ішінде трансфертті есепке алмағандағы кірістер – 8 208,6 млрд. теңгеШығыстар 11 757,7 млрд. теңгеніқұрады және жылдық жоспарға қатысты 99,7%-ке  орындалдыоның ішінде шығындар – 11 346,1 млрд. теңге немесе 99,7%.Дефицит 833,1 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-ге қатысты 1,4% құрады.

Республикалық бюджетке түсімдер 8 907,6 млрд. теңгені құрады және және жылдық жоспарға қатысты 101,5%-ке орындалды, оның ішінде трансфертті есепке алмағандағы кірістер – 5 848,6 млрд. теңгеШығыстар 9 636,8 млрд. теңгені құрады және жылдық жоспарға қатысты 99,8%-ке орындалдыоның ішінде шығындар – 9 334,7 млрд. теңге немесе 99,8%. Тапшылық 729,2 млрд. теңгенінемесе ЖІӨ-ге қатысты 1,3% құрады.

Қазақстанның мемлекеттік борышы 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 15 387,2 млрд. теңгені (40,1 млрд. АҚШ доллары)құрады, бұл 2018 жылғы болжамды ЖІӨ-ге қарағанда 26,4% құрайды. Мемлекеттік борыштың 75,9% (11 674,2 млрд.теңге немесе болжамды ЖІӨ-ге қарағанда 20,0%) ҚР Үкіметінің борышы, оның ішінде ішкі борыш – болжамды ЖІӨ-ге қарағанда 10,4%, сыртқы борыш –болжамды ЖІӨ-ге қарағанда 9,7% құрайды.

Жалпы, кепілдіктер мен кепілгерліктерді ескере отырып, мемлекеттік борыш 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2018 жылдың басымен салыстырғанда 14,7%-ке ұлғайып, 16 045,4 млрд теңгені құрады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі

Оставить комментарий

avatar
  Жазылу  
Ескерте салу