Қазақстан Республикасының 11-інші Үкіметі бекітілді

Бұған дейінгі үкімет 21 ақпанда таратылған соң, бүгін Мәжілістің мақұлдауымен жаңа премьер-министр тағайындалғанын жазған болатынбыз.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Жарлығымен Ақпарат және коммуникациялар министрлігі таратылып, Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігіне Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен ақпарат саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, ол Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі болып қайта құрылды. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен байланыс, ақпараттандыру, «электрондық үкімет», мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі болып қайта құрылды.

Сонымен, Қазақстан Республикасының 11-інші Үкіметі:

Асқар Ұзақбайұлы Мәмин – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі;

Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

Марат Бақытжанұлы Бекетаев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

Елжан Амантайұлы Біртанов – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі;

Бердібек Машбекұлы Сапарбаев – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

Руслан Ерболатұлы Дәленов – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

Сапархан Кесікбайұлы Омаров – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;

Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болды.

Сондай-ақ, бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы болып тағайындалды.

Оставить комментарий

avatar
  Жазылу  
Ескерте салу