Қазақ тілді БАҚ-қа жаңа өлшем үлгілері қажет

Алматы қаласында«ХІ-MEDIA Құрылтай» конференциясы өтті.

Кездесудің басты тақырыбы «Қазақстанның медиа нарығы: жыл сайынғы кәсіби тексеру және диагностика» болды.

Цифрлік дәуірдегі Қазақстандық ТВ аудиториясы тақырыбына қатысты жасалған баяндаманы назарыныңызға ұсынудамыз.

Құрылтай барысында аталмыш мәселені талқылауға саясаттанушы Айдос Сарым, «Алаш Медиа групп» ЖШС бас директоры Батыр Қазыбаев, «Стратегия» әлеуметтік стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы Гүлмира Илеуова, «Атамекен» бизнес телеарнасының бас директоры Қанат Сахариянов, Ұлттық медиа қауымдастық сарапшысы Ринат Жүнісов және «TNS Central Asia» сараптама орталығының бас директоры Татьяна Старцева қатысты.

Құрылтай барысында «TNS Central Asia» сараптама орталығының Қазақстан телеарналарының рейтингін анықтауға қатысты жұмыстарына осыған дейінде сан мәрте сын айтылған болатын.

Әсіресе YouTubе желісіндегі қазақ тілді контенттерге жазылған көрермендер саны жарты миллиардтан асатынына қарамастан, бұл үлкен аудитория саны қорытынды рейтинг өлшеміне ілікпейтіні жайлы сөз қозғалды.

2019 жылы Қазақстан онлайн жарнама нарығында шамамен 64 миллион долларды құрады. Оның 90 пайызы телеарналардың еншісіне кетіп жатыр. Қалған қаржы интернет, баспасөз сияқты БАҚ-қа тиесілі. Сол себепті қазақ тілді контентке келмей жатқан жарнама қаржысы үлкен проблема болып тұр. Қазақ тілді контеттерді тұтынушылар өте көп.

«Біз олардың сұранысын қанағаттандыруға дайынбыз. Бірақ бізге қаржы жетіспейді. Ал телеарналар рейтингіндегі жағдай жоғарыдағыдай. Осыдан барып қазақ тілді аудитория өзге арналарға ауысуда. Олардың ішінде радикалды исламды насихаттайтын БАҚ-та бар» — деді Батыр Қазыбаев өз баяндамасында.

Тәуелсіздік алғалы бері еліміздегі мектеп, колледж, университеттерде тоқтаусыз өсіп келе жатқан қазақ сыныптары мен топтарына қарап, «TNS Central Asia» жұмысына күдікпен қараудан басқа амал жоқ.

Қазақ тілді телеарна, БАҚ өкілдерінің жарнама қаржысынан қағылып жатқанында емес, мәселе телеарналар рейтингін жасауда бәсекелестіктің жоқтығында.

Осының салдарынан қазақ тілді аудиторияның өзі көргісі келетін сапалы дүниелерден құр қалып отырғанында екені айтылып, құрылтай қорытындысы бойынша жаңа рейтинг өлшеміне сай келетін метрика құрастыру үрдісі жөн болатыны сөз айтылды.

Оставить комментарий

avatar
  Жазылу  
Ескерте салу