Путин Валдай форумында Ерлан Қаринның сұрағына жауап берді

Сочиде өткен «Валдай» халықаралық дискуссиялық клубының кезекті отырысында Қазақстанның Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің төрағасы, саясаттанушы Ерлан Қарин РФ басшысы Владимир Путиннен антиресейлік және антиқытайлық санкциялар Қытай және Ресейдің Еуразиялық кеңістіктегі бастамалары мен қатынастарына әсері қандай болғаны туралы көзқарасын сұрады.
Путин өз жауабында Еуразиялық бастамада Қазақстанның рөлін жоғары бағалап, қазіргі болып жатқан саяси экономикалық жағдайдың ұтымды жақтарын атап өтті.


Естеріңізге салсақ, өткен жылы да Қарин Путинге «Астана келісімі» туралы сауал қойып, Сириядағы ахуалды реттеу бойынша Астана процесінің аралық нәтижелері жөніндегі пікірін білген еді.

Оставить комментарий

avatar
  Жазылу  
Ескерте салу