Орыс православие шіркеуі «Украина» шешімінен кейін Константинополь православ шіркеуінен байланысын үзді

Бұндай шешім 15 қазанда Минскіде өткен шіркеу басшыларының жиыны синод барысында қабылданған. BBC-дің жазуынша, Синодты Орыс православие шіркеуінің басшысы, Мәскеу патриархы Кирилл Константинополь православие шіркеуінің Киелі Синоды (немесе Бүкіләлемдік патриархат) Украина православие шіркеуіне автокефалия беруіне наразылығын осылай білдірді.

Патриархаттың шешімі «тарихи фактілерге сәйкес келмейді» деп мәлімдеді Орыс Православие Шіркеуінің Сыртқы байланыстар бөлімінің бастығы Митрополит Хилийон, ол болған жағдайдың басқа шешімі жоқ екенін айтты.

Константинополь патриархы Варфоломей қазанның 11-і күні Украина православие шіркеуіне өзін-өзі басқару құқығы – автокефалия беруге шешім қабылдаған болатын. 12 қазанда Ресей қауіпсіздік кеңесінің президент Владимир Путинмен өткен жиынында талқыланды. Кремль бұдан бұрын Украинадағы жағдайға алаңдап, Ресей Украинадағы православтардың мүдделерін қорғайтынын айтқан.

11 қазанда Украина православие шіркеуі тәуелсіздігі Константинополь православ шіркеуі тарапынан мақұлданған соң Орыс православие шіркеуі олармен байланыстарын тұтастай кесті. Шешім бойынша Ресей православтарынан Константинополь шіркеуіндегі рәсімдерге қатыса алмайтын болды. Сәйкесінше орыс епископтары мен дін қызметкерлері де Константинополь  Патриархтының өкілдерімен бірдей рәсімде болмайтыны айтылды.

Ал Киевте кеше мыңдаған адам орталық алаңға жиналып, патриарх Варфоломейдің Украина православие шіркеуіне автокефалия беру шешіміне алғыс білдіріп, құлшылық жасады. Украинада көптеген христиандар орыс православ шіркеуін елдің шығыс бөлігіндегі ресейшіл сепаратистік бүлікшілерді қолдауға айыптап келген болатын.

Стамбулдағы Римдік грек Патриархаты 300 миллион православтық христиандардың өкілн қамтиды. Бұған дейін Украина православ шіркеуінің автокефалия талабын ұзақ уақыт қабылдамай келген. Ресей болса Киевті орыс Православ шіркеуінің тарихи орталығы санайды.

Ресейдің 2014 жылы Қырымды аннекциялауынан кейін Шығыс Украинада туындаған қақтығыстар екі елдің арасындағы патриархат арасында да шиеленіс туғызған.

Айта кетсек, Украина Православие шіркеуі автокефалия алған күні Астанада Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің VI съезі өтіп жатты.

Оставить комментарий

avatar
  Жазылу  
Ескерте салу