Нұрсұлтан Назарбаев – Елімізді Қазақ Мемлекеті деп атайтын боламыз!

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы 14 желтоқсанда Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында қазақ тілінің ел болашағы турасындағы маңыздылығын айрықша атап көрсетті:
Қазақ тілін дамыту саясаты одан жерінуге, тіпті қазақтардың өздерінің бойды аулағырақ ұстауына ықпал етпеуі керек. Керісінше, тіл Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс. Бұл үшін тіл саясатын сауатты және дәйекті, қазақстандықтар сөйлесетін бірде-бір тілге қысым жасамай жүргізу керек.
 
Сіздер біздің саясатымыз туралы – 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс екендігін білесіздер.
 
Бұл үшін қазір барлық жағдай жасалған.
 
Қазірдің өзінде еліміздегі оқушылардың 60 пайыздан астамы мемлекеттік тілде оқиды. Мемлекеттік тіл барлық мектептерде оқытылады. Бұл – егер бала биыл мектепке барса, енді он-он екі жылдан соң жаппай қазақша білетін қазақстандықтардың жаңа ұрпағы қалыптасады деген сөз.
 
Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.
 
Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады.
 
Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең басты құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі.
 
Тәуелсіздігін алған тұста еліміздегі қазақтың саны 6,8 миллион немесе 41% болса, қазір 11 миллионға жетіп, 65 %-дан асты.
 
Қазақтың саны 4 миллионға артты.
 
Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер еді.
 
Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады.
 
Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс.
 
Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.
 
Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады.
 
Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз.
 
Сондықтан оған бей-жай қарамайық.
 
Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз.

2
Оставить комментарий

avatar
2 Пікірлер шоғыры
0 Жауаптар
0 Жазылушылар
 
Талқыға түскен пікірлер
Қызықты пікірлер
2 Пікір авторы
АлиQaleke Соңғы пікірлер авторлары
  Жазылу  
Ескерте салу
Qaleke
Қонақ
Qaleke

Елбасымыз барлық жиында тек қана қазақша сөйлесе, Қазақстандағы бүкіл халық әлдеқашан қазақша сөйлеп кетер еді. Әлі де кеш емес деп ойлаймыз.

Али
Қонақ
Али

Қазақстан тіьі мен дінінен айырылгалы қашан өтірік оттамандаршы