Назарбаев Парламент сессиясында алда атқарылатын жұмыстардың негізгі бағытын атады

Президент Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысын ашып, сөз сөйледі деп хабарлайды tarlan.kz

«Құрметті депутаттар, үкімет мүшелері, шақырылған қонақтар, Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабына сәйкес, Парламенттің алтыншы шақырылымының төртінші сессиясын ашық деп жариялаймын», — деді Мемлекет басшысы.

«Кейінге қалдыруға болмайтын жұмыстар тұр. Стратегиялық мақсат қойылды», — деген президент негізгі бағытты айқындады. Бұл туралы саясаткер Ерлан Қарин жазды.

«Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысы басталды. ҚР Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа сессияны ашып, алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстардың негізгі бағытын айқындап берді:
— Әлеуметтік қорғау
— Тұрғын үй саласы
— табиғи монополия саласында реттеу
— Орта және кіші бизнесті, туризмді дамыту
— Ауыл шаруашылық комплексі
— Руxани жаңғыру бағдарламасының аясында тариxи мұраны қорғау
— бөлек Елбасы Түркістан облысының құрылу мәселесіне тоқталды», — деді Ерлан Тынымбайұлы әлеуметтік желіде.

Айта кетсек, 2018 жылы 29 маусымда Қазақстан Парламенті алтыншы шақырылымның үшінші сессиясын аяқтаған болатын. IV сессияға Парламенттің қос палатасы бүгін жиналды.

1
Оставить комментарий

avatar
1 Пікірлер шоғыры
0 Жауаптар
0 Жазылушылар
 
Талқыға түскен пікірлер
Қызықты пікірлер
1 Пікір авторы
Tarlan Boz Соңғы пікірлер авторлары
  Жазылу  
Ескерте салу
Tarlan Boz
Қонақ
Tarlan Boz

Президент депутаттарға аз ұйықтау туралы кеңес бермеп пе?