Министр Абаев Алаштың ғасырлық тойында «Тар заман» сериалы түсірілгенін атап өтті

«Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасына қатысқан ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қоғамда біршама шу туғызған ВЛКСМ-нің 100 жылдығын атап өту шарасына қатысты өзінің пікірін білдірді, деп жазады Tarlan.kz.

Министр сөзінде Алаш автономиясының 100 жылдығын көлеңкесінде қалдырды деген пікірге қатысты аргументтерін алға тартты. «Бұл – толығымен шындыққа сәйкес келмейді. Бір жағынан бірнеше жүз адам театлардың бірінде шара өткізеді де, екінші жағынан жыл бойы еліміздің барлық аймақтарында Алаштың 100 жылдығына арналған шаралардың толыққанды кешені ұйымдастырылады», – деді министр.

«Біріншіден, Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай 12 сериялық «Тар заман» сериалы түсірілді. Ол «Qazaqstan» ұлттық арнасында көрсетілді. Сонымен бірге, кинотеатрларда оның толықметражды нұсқасы берілді. Дәл сол секілді бірнеше фильмнің түсірілгенін атап өту керек. Оның ішінде «Алаш туы астында» атты деректі фильмді де айта кетуге болады. Мемлекет қаржысының есебінен Семей қаласында Әлихан Бөкейханның ескерткіші орнатылды. «Алаш арыстары» музейінің экспозициялары жаңартылды. Тіпті Алаш қозғалысы туралы бірқатар кітап шықты. БАҚ-та біршама материал жарияланды», – деді министр.

Дәурен Абаев сонымен бірге, өткен жылдың қараша айында Алашорданың 100 жылдығына арналған ірі халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткенін еске салды. «Естеріңізде болса, ол шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова қатысып, Мемлекет басшысының құттықтау сөзін оқып берген болатын», – деді Дәурен Абаев.  «ВЛКСМ-нің 100 жылдығын атап өту – мемлекеттің идеологиялық саясатымен ортақ түгі жоқ. Бұл бұрынғы комсомолдардың қатысуымен өткен жеке шара болатын. Оны ескі достардың немесе түлектердің кездесуімен ғана салыстыруға болады. Одан артық емес», – деп нақты позициясын білдірді Абаев.

Оставить комментарий

avatar
  Жазылу  
Ескерте салу