Марат Тәжиннің саяси философиясы

2017 жылдың басында мемлекетіміздің идеологиялық саясатына жауапты салада кадрлық өзгерістер болып, ішкі саясатқа жауапты Бағлан Майлыбаев қызметтен аластатылып, кейіннен мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен 5 жылға сотталды. Ал оның орнына, соңғы 3 жыл Ресейде елші болған, тәжірибелі саясаткер, кәсіби әлеуметтанушы Марат Тәжин тағайындалды.

Бағалан Майлыбаев Президент Әкімшілгі басшысының бірінші орынбасары қызметін 5 жылдың аса уақыт атқарды. Осы уақыт ішінде ақпараттық идеологиялық кеңістік деструктивты күштердің қолына өтіп, саяси реттеу тетіктері істен шығып, Қазақстанның ішкі саяси процессі бүлікке бүліне жаздады. Азаматтық қоғам мен оппозициялық күштердің арасы ажыратылмай, билік пен қазақ қоғамы арасында антагонизм орын алды. Идеологияға фундаменталист радикалдар араласты. Соның салдарынан Президент Назарбаевтың басты жетістіктерінің бірі — қоғамдық тұрақтылыққа қауіп төнді. Бейнелеп айтсақ “мәңгілік елде” идеологиялық дағдарыс басталды.

Тәжин бір жыл ішінде Майлыбаевтардың былығынан құтылумен қатар идеологиялық жүйе құрумен айналысты. Ақпараттық кеңістік жат идеологиялық насихаттан азат етіліп, риторика өзгерді. Ақпараттық қауіпсіздікке негіз пайда болды. Ақпараттық кеңістік жаңа сатыға шығып, тұрақтылықтың негізі болып саналатын билік пен қоғам арасындағы диалог басталды, оның айқын көрінісі ”Qazaqstan” арнасының тікелей эфирінде саяси ток-шоу жүріп, саяси оппозиция мен қоғамның репрезентативты өкілдерінің түрлі тақырыптарға байланысты пікірлерін білдіретін болды. Оппозицияның беделді де принципшіл өкілдері Президент Назарбаев көрсеткен Мемлекетті дамыту векторының идеологиялық реформасын ашық қолдады. Радикалдармен радикалды жұмыс жүре бастады, деструктивті күштердің ықпал ету кеңістігіне жол жабылды.

Марат Тәжиннің оралуымен мемлекеттің басты идеологиялық штабы – Президент Әкімшілігінен бастап жергілікті әкімдіктерге дейінгі мемлекеттің бүкіл идеологиялық активінің сапасы жаңа деңгейге көтерілді. Президент Әкімшілігі мемлекеттік саяси шешім қабылдау орталығына ғана емес, сонымен қатар, жаңа күн тәртібін анықтап, іске асыруын қадағалаушы, үйлестіруші орталыққа айналды. Марат Тәжин Президент Назарбаев құрған мемлекеттік саяси жүйенің жаңа жағдайдағы идеологиясын құрды.

Тәжиннің саяси философиясының концепциясы нәтижелі екенін сарапшылар мойындады. Нағыз нәтижелі идеологияның мақсаты – ұлтты жұмылдырып оған бағыт көрсету болып табылады. Осы тұрғыдан, Тәжиннің идеологиясы тек мемлекеттік институттарды күшейтіп қойған жоқ, ол мемлекеттілікті күшейте алды. Бұл Тәжиннің қысқа ғана уақыт ішінде жасаған еңбегі.


Абылай Сәрсенбаев, саясаттанушы

Оставить комментарий

avatar
  Жазылу  
Ескерте салу