Президент: Жошы ханның есімін ұлықтап, Алтын орданың 750 жылдығын мерекелейміз

Президент: Жошы ханның есімін ұлықтап, Алтын орданың 750 жылдығын мерекелейміз
Ⓒtarlan.kz

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы  Қарағанды облысына сапары аясында ұлтымыздың алтын бесігі және тағылымды тарихымыздың куәсі – Ұлытауға келді. Онда президент "Ұлытау - 2019" халықаралық туристік форумында сөз сөйледі.

Бұл киелі мекенде бабаларымыз ұлттың келешегін ойлап, бірліктің туын желбіреткен. Қалың ел үш жүздің басын қосқан Ұлытауда ел билеген хандарды ақ киізге көтеріп, таққа отырғызған. Сондықтан біз Ұлытау жеріне хан ордасы, қазақ жерінің кіндігі деп, ерекше құрметпен қараймыз, – деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қазақ жерінде 8 ғасыр бұрын құрылған алып империя Алтын Орданың мерейтойын атап өтіп, негізін қалаушы һәм қазақ хандарының атасы Жошы ханның есімін ұлықтауға бастама көтерді.