Өндіруші–кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндік. EXPO-ға шақыру

Түркияның Тәуелсіз тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер бірлестігі– МУСИАД-тың (MÜSİAD) ұйымдасытруымен 2018-жылдың 21-24 қараша күндері Ыстанбұлда 17-ші MÜSİAD EXPO халықаралық көрмесі өтеді.
Әр екі жыл сайын бір рет денсаулықсақтау, энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, құрылыс, азық-түлік, текстиль, машина өндірісі, IT технологиялары т.б. салаларындағы әлемнің ең үздік кәсіпорындары және кәсіпкерлерінің қатысуымен өтетін бұл халықаралық шараға Түркия Республикасының президенті құрметті Р.Т.Эрдоған мырза тікелей қолдау көрсетіп келеді.
MÜSİAD EXPO-ның (http://www.musiadexpo.com/en) мақсаты — әлемдегі үздік компаниялар мен көшбасшы кәсіпкерлер арасында жаһандық бизнес желісін орнату, әлемдік нарықтың көшбасшыларын анықтау, шағын және орта бизнесті нығайтып, олардың өркендеуін қамтамасыз ету.
Биылғы 17-ші MÜSİAD EXPO әлемдік деңгейдегі ең үздік экспо орталықтарының бірі болып саналатын «CNR İstanbul» кешенінде өтеді.
17-ші MÜSİAD EXPO-ға таңдаулы 848 шетелдік және 200-ден астам түрік компаниялары қатысып, төрт жүзден астам ірі компания басышыларының қатысуымен B2B форматтағы кездесулер ұйымдастырылады.
17- MÜSİAD EXPO аясында: денсаулық сақтау, құрылыс және құрылыс заттары, жылжымайтын мүлік, текстиль, машина өнеркәсібі, туризм, медиа, азық-түлік, логистика, жиһаз өнеркәсібі, IT, оқыту-ағарту, энергетика секілді 25 негізгі сектор бойынша 24 елден келетін 450+ шетелдік және түрік компаниялары «B2B» кездесулерін өткізеді.
17-ші MÜSİAD EXPO кезінде, яғни, 21-24 қараша күндері CNR İstanbul кешенінде халықаралық көрмемен қатар, қорғаныс пен аэроөнеркәсіп саласын дамытуға арналған MÜSİAD HIGH-TECH PORT көрмесі мен 22-ші Халықаралық бинес Форум өтетін болады.
4-ші MÜSİAD HIGH-TECH PORT көрмесі шеңберінде Қатар, БАӘ, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Куввейт, Оман, Иордания, Марокко, Тунис, Алжир, Нигерия, Оңтүстік Африка, Бразилия, Чили, Колумбия, Индонезия, Малайзия, Пакистанның қарулы күштері мен қорғаныс министрліктері тәжірибе бөлісіп, салалық әріптестік бойынша келіссөздер жүргізетін болады.
2016-жылы өткен 16-шы MÜSİAD EXPO қорытындысы бойынша, шараға 124 елден келген 7000-нас астам копмания жетекшілері мен кәсіпкерлер 8000-ға жуық келіссөздер жүргізілген.
Осыған байланысты, MÜSİAD басқармасы бауырлас Қазақстан Республикасының жоғарыда көрсетілген салалардағы көшбасшы компаниялары үшін 1000 шаршы метрлік стендтік алаңды арнайы бөліп, отандық экспорттаушы және импорттаушы компанияларды экспоға қатынасуы үшін арнайы шақырып отыр.
17-ші MÜSİAD EXPO талаптары бойынша:
— Экспода негізгі қатысушылар өз өнімдерін стенд арқылы таныстырады. Стенд аймағының 1 шаршы метрінің құны — — 137 Еуро (+ҚҚС). Экспо күні жақындаған сайын қатысу төлемі артады.
— Егер де, стенд қызметін қолданбайтын болсаңыз Экспоға жеке дара немесе компания өкілдерімен қатынаса аласыз.
— Жол қаражатын қатысушы өз есебінен төлейді. Ал, қонақүй, тамақтану, трансфер қызметі МУСИАД тарапынан қамтамасыз етіледі.
Бұл халықаралық шараның (MÜSİAD EXPO) Президенттеріміз Н.Ә.Назарбаев пен Р.Т.Эрдоғанның белгілеп берген екі ел арасындағы сауда айналымын бес милиард долларға жеткізу туралы мақсаты мен бауырлас Қазақстан мен Түркияның экономикалық, сауда қарым-қатынасың көлемін арттыруға, отандық компанияларымыздың жаһандық жаңа белестерден көрінуіне, өзара тәжірибе алмасуға және жаңа серіктестік орнатуға оңтайлы септігін тигізеріне нық сенімдіміз.
Осыған байланысты, сіз бен компанияңызды 17-ші MÜSİAD EXPO-ға қатысу үшін арнайы шақырамыз.
Құрметпен.

Йылмаз Кесен
МУСИАД Қазақстан
Президент

Кері байланыс:
Нұрғали Жүсіпбай
MÜSİAD EXPO ұйымдастырушысы (Қазақстан)
Тел: +77016148604
Njusipbay@gmail.com

Гүлжан Оспанова
Басшы көмекшісі
Тел: +77074744734
g.ospanova@list.ru

Оставить комментарий

avatar
  Жазылу  
Ескерте салу