Ерлан Қарин «тұлпар мініп, ту алған» жобасын қолдау эстафетасын министр Абаевқа жалғады

«Қазақстан» РТРК төрағасы Ерлан Қарин батырлар жырын жатқа айтудан өтіп жатқан «тұлпар мініп, ту алған» ұлттық жобасын қолдау мақсатында «Алпамыс Батыр жырынан» бір үзіндіні жатқа оқып, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Әскербекұлы Абаевқа жолдады.

Айта кететін болсақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен батырлар жырын жатқа айтудан «Тұлпар мініп, ту алған!» атты әдеби және тарихи-танымдық байқау өтіті. Келесі жылы республикалық деңгейде жалғасады.

Байқау – қазақ халқының батырлық эпостарын жатқа айту бойынша өтетін іс-шара. Байқау аясында қатысушыларға «Алпамыс батыр» жырын жатқа айту, жырда кездесетін көнерген сөздердің мән-мазмұнын түсіндіру, мектеп бағдарламасы бойынша қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламасы негізінде әзірленген сұрақтарға жауап беру тапсырылады.

Оставить комментарий

avatar
  Жазылу  
Ескерте салу