Берік Әбдіғалиұлы

Берік Әбдіғалиұлы — Мемлекет және қоғам қайраткері. Тарихшы, ғалым, саясаттанушы және тәуелсіз зерттеуші, саясаттану ғылымдарының докторы.

18 қыркүйек 1971 жыл — Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген (1994), тарихшы, тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы.

1988 жылдан — Қарағанды облыстық балалар кітапханасының кітапханашысы. 1989 жылдан — Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті. 1990 жылдан — әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің студенті.

1994 жылдан — ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері, 1995 жылдан — бөлім меңгерушісінің м.а., 1997 жылдың қаңтарынан — институт директорының орынбасары (Алматы).

1997 жылдың наурызынан — ҚР Баспасөз және бүқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттігінің Бұқаралық ақпарат құралдары, сараптамалық-талдау жұмысы және баспасөздегі заңнаманың сақталуын бақылау жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары (Алматы).

1997 жылдың қарашасынан — ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Талдау, жоспарлау және реформаларды насихаттау басқармасының бастығы (Ақмола).

1998 жылдан — ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары (Астана).

1999 жылдан — ҚР Қауіпсіздік кеңесі Талдау орталығы мөңгерушісінің орынбасары (Астана).

2000 жылдан — ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары (Астана).

2001 жылдан — Теміртау қаласы әкімінің орынбасары.

2002 жылдан — Ұлттық зерттеулер институтының директоры (Алматы).

2003 жылдан — «Ақ жол» ҚДП Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары, бірінші орынбасары (Алматы).

2004 жылдан — «Саяси білім беру қоры» Қоғамдық қорының президенті (Алматы).

2005 жылдан — «Атамекен» Қазақстанның кәсіпкерлері мен жүмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы» ЗТБ атқарушы директорының кеңесшісі (Астана).

2006 жылдан — «Атамекен» ұлттық даму орталығы» ЖШС директоры (Астана).

2007 жылдан — ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығының бас инспекторы (Астана).

2008 жылдың наурызынан — ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (Астана).

2008 жылдың қазанынан — Президенттің Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры (Астана).

2010 жылдың қаңтарынан — Қарағанды облысы Ұлытау ауданының, Арқалық және Жезқазған қалаларының әкімі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. Мемлекеттік қызметте бола тұра, 2012 жылы Берік Әбдіғалиұлы Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасарының кеңесшісі қызметін атқарды.

2017 жылы12 мамырдан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейі» РМКК жанынан құрылған «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы.

Оставить комментарий

avatar
  Жазылу  
Ескерте салу