Астанада «Ұлылыққа тағзым» атты тарихи-танымдық еске алу кеші өтті

Астана қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен «Руханият» мекемесі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына, Халел Досмұхамедұлының 135 жылдығына, Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығы және Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығына арнап, «Ұлылыққа тағзым» атты тарихи-танымдық еске алу кешін ұйымдастырды.

25 қазанда Астананың оқушылар сарайында өткен шераға философия ғылымдарының кандидаты, Шәкәрімтанушы Омар Жәлелұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ұрпағы, белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы Нартай Жүсіп, тарихшы, қоғам қайраткері Берік Әбдіғали, Әміретанушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жарқын Шәкерім, Алаштанушы ғалым Қайырбек Кемеңгер, дәстүрлі әнші Берік Омаровтар қатысты.

Шараны Астана қалалық филармониясының «Қорқыт» тобы «Ғасыр үні» композициясымен ашып,  театрландырылған көрініспен жалғасты. Танымдық шарада Алаш азаматтары туралы бейнесюжеттер көрсетіліп, белгілі ақындар өлеңдерін оқыды. Ғалымдар қайраткерлік ғұмырына тоқталды.

Оставить комментарий

avatar
  Жазылу  
Ескерте салу