АҚШ пен Қытай интернетті екіге бөлмек

Жаңа қырғи-қабақ соғыс интернетті екіге бөлмек, бірін АҚШ, екіншісін бола Қытай бақылайды. Google-дің бұрынғы CEO-сы Eric Schmidt кеше осындай мәлімдеме жасап, жорамалы 10 жыл ішінде жүзеге асатынын айтты.

Google компаниясының бұрынғы бас директоры, қазіргі Alphabet-тің директорлар кеңесінің төрағасы Эрик Смит интернет 2028 жылға дейін екіге бөлініп, бір бөлігін Қытай басқарады деп болжайды. Сан Францискода арнайы венчурлық капитал туралы бір шарада осылай деді.

Өз жорамалының ең өміршең сценарий екенін айтқан Смит интернеттің екіге бөлінуі деген тікелей Қытай бақылауындағы интернет және АҚШ бақылауындағы интернет деп түсіндірген. Яғни Қытай орталықты және АҚШ орталықты интернет.

«Егер сіз Қытайға қарасаңыз, компаниялардың және қызметтердің ауқымы, жаратылған жаңалықтары керемет. Қытайдың Интернеті — АҚШ-пен салыстырғанда, елдің ЖІӨ-нің үлкен бөлігі. Менің ойымша, сіздер де Қытайдың өнімдері мен қызметтерінің керемет көшбасшылығын байқадыңыздар», — деген Смит сөзінде.

Қытайдың интернет саласына қатысты өнімдер мен қызметтерден бөлек, интернет үстінен жасалып отырған бақылау әрекеттерінің «болашақ қауіп» екенінің астын сызып айтқан Смиттің сөзі өткенде ғана Google Қытайға арнап іздеу моторын жасап жатқаны туралы ақпарат кезеңімен тұспа-тұс шыққаны алаңдаушылық тудырды.

Қытайдағы Интернет желісінің ақпараттық орталығы жариялаған соңғы мәліметте 2018 жылдың маусым айында Қытайдағы интернет қолданушылар саны 802 миллионнан асқан.

Интернетті пайдаланушылардың осындай үлкен массасынан айырылғысы келмейтін Google сөз бостандығы принциптерінен бас тартып, Қытайдың контент сүзгілеу талабына көнуі мүмкін.  Осы арқылы Әлемдегі ең үлкен іздеу жүйесі қытайлық нарыққа қайта оралуы ғажап емес екенін бұрын жазғанбыз.  Google қытайлық нұсқасын желідегі сөз бостандығын шектеуге бағытталған үкімет әрекеттеріне көнбей 2010 жылы жауып тынған еді.  Дегенмен, 2017 жылдың басынан бастап, компания Dragonfly дейтін іздеу жүйесінің арнайы нұсқасын жасап жатыр деген ақпарат бар.

Оставить комментарий

avatar
  Жазылу  
Ескерте салу