Айшолпан Нұрғайыпқызы Назарбаевты Баян-Өлгейге шақырды

Астана қаласында президент Назарбаевтің қатысуымен «Жастар жылының» ресми ашылуы өтіп жатыр. Шара аясында атқарушы билік өкілдері галстуксыз жиналып, жастар өкілдерін тыңдауда. Жастар форумын «Қазақстан» ұлттық арнасы тікелей эфирден көрсетуде, сондай-ақ бүкіл өңірлер бойынша тікелей эфирден оқу ордалары тамашалап жатыр.

Жастар форумында сөз алған бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы өзінің жетістіктерін айта келіп, президент Назарбаевқа Монғолиядағы қандастардың сәлемін жеткізді. «Мені әкем Нұрғайып бүркіт баптап үйретті, анам әркез қолдады. 8 жасымда бүркітті қолыма қондырдым. Бүркіт баптау үшін қайсарлық қажет. Осы Астанада, басқа қалаларда қазақтың салт-дәстүрлерін оқытатын орталықтар, соның ішінде бүркітшілер мектебі ашылса деген арманым бар. Алтайдағы аз ғана қазақтың аманаты бар еді, Сізді Бай-Өлкеге қонақ болуға шақырамыз. Ақ дастарханнан дәм татып кетсеңіз, алыстағы ағайынның рухы бір жасап қалар еді. », – деді Айшолпан сөзі соңында.

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылы Моңғолияда тұратын қазақ қызы Айшолпан Нұрғайыпқызы туралы «Бүркітші қыз» атты режиссер Отто Беллдің деректі фильмі шыққан болатын. Алғаш рет 2014 жылы ағылшынның Daily Mail басылымы «Қазақтың салт-дәстүріндегі асыл құндылықтардың бірі — құсбегілік өнерін игерген он үш жасар жалғыз қыз» атты Айшолпан жайлы мақала жариялап, оны бүкіл әлемге танымал етті. Қандасымыз 2018 жылы Қазақстанға арнайы шақырумен келіп, «Білім-инновация» ХҚҚ берген грантпен «NurOrda» мектеп лицейінде білім алып жатыр.

Оставить комментарий

avatar
  Жазылу  
Ескерте салу