«Тәжин — Қазақстанның патриоты» һәм Лавров берген «Достық ордені»

Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров өткен аптадағы Қазақстанға жасаған ресми сапарында ҚР Президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжинге «Достық орденін» табыс етті. Ол Астанаға Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты (ММХҚИ) түлектерінің IV халықаралық форумына келген. Форумға келген түлектерді Президент Назарбаев та Ақордада қабылдаған болатын.

Қазақстанға Ресей мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 25 жыл толуына орай келген Лавровтың Қазақстанның Ресейдегі экс-елшісі Тәжинге орден сыйлағаны БАҚ бетінде дабыра болған жоқ.

«Достық ордені» — Ресей Федерациясының мемлекеттік сыйлығы.  Бұл орден Ресей президентінің 1994 жылы 2 мамырынан № 442 жарлығымен бекітілген. «Достық орденімен» Ресей Федерациясының азаматтары марапатталады, оған қоса, бұл орден шетелдік мемлекеттердің достық пен тыныштықты, мемлекеттер арасындағы түсіністікті, ұлттар арасындағы тығыз мәдени, достық қарым-қатынасты орнатуға  бағытталған ерекше істері үшін беріледі.

Лавровтың Қазақстанға сапары қарсаңында Ресейдегі БАҚ беттерінде «Марат Тәжин — Қазақстанның патриоты және Ресей Федерациясының досы» атты мақала да жарық көрді. Qamshy.kz мақаланың аудармасын оқырман назарына ұсынады.

«Философия және әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, экономист, әлеуметтанушы және саясаткер – осының барлығы мемлекет қайраткері Марат Тәжиннің бойында бар. Жұмыс бабын білетін, тәжірибесі мол, өз ісінің  маманы болған Тәжин басқа да таңдаулы саясаткерлерден оқ бойы озық тұрады.

Алайда, басқа да саясаткерлермен салыстырғанда Тәжин БАҚ-қа өте сирек сұхбат беріп, көлеңкеде қалатын кездері болады. Сонымен, Марат Тәжин кім? Оның Қазақстан үшін рөлі қандай?

Марат Тәжиннің саясат мансабына жету жолы 1992 жылы Қазақстанның президент аппараты және министрлер кабинетінің ішкі саяси басқарма бөлімінің бірінші орынбасары болып тағайындалған кезінен басталады. Жоғары мансапты шенеуніктер қатарына қосылған Марат Мұханбетқазыұлы әрдайым басқарушы саясаткерлер қатарында болып, жоғарғы лауазымнан түскен емес.

Ол 2001 жылы Ұлттық қауіпсіздік Комитетін және 2007-2009 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігін басқарған, оған қоса 2013-2014-ке дейін мемлекеттік хатшы болса, 2014-2017 жылдар арасында Қазақстанның Ресейдегі елшісі болған.

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары Марат Тәжин президент аппаратын  ақпараттық-сараптамалық қызметпен қамтамасыз етіп отырған. Тәжиннің сыртқы саяси алаңда және еліміздің ішкі мәселерінде  көптеген бастамасын елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы әрдайым қолдап отырған. Екі мыңыншы жылдардың басындағы дағдарыстан шығуда да Тәжин және оның көмекшілері талмай еңбек етіп,  қиын-қыстау кезеңнен шығуға мүмкіндік жасады.»

Оставить комментарий

avatar
  Жазылу  
Ескерте салу