Тәуелсіз Қазақстанның үкіметбасылары

Санаулы күннен кейін үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтің үкіметбасы қызметіне 2 жыл толады. Қазақстан Республикасы үкіметін тәуелсіздік алған күннен бері қарай 9 премьер-министр басқарды. Tarlan.kz тілшісі бүгінге дейін үкіметте басшылық жасаған тұлғаларды түгендеді.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі — Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес атқарушы биліктің (Үкімет) басшысы. Атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Ол өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты.

1991-1994 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметін мемлекет және қоғам қайраткері Сергей Александрович Терещенко атқарды.

Әкежан Мағжанұлы Қажыгелдин – Қазақстанның 1994-1997 жылдар аралығындағы Премьер-министрі, оппозиционер.

Балғымбаев Нұрлан Өтепұлы (20 қараша 1947 жыл Атырау – 14 қазан, 2015 жыл, Атырау) — мемлекет қайраткері. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметін 1997-1999 жылдар аралығында атқарған.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев (17.06.1953 Алматы) – мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы. ҚР Премьер-Министрі қызметін 199-2001 жылдар аралығында атқарған. Ол қазір Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы.

Imangaly Tasmagambetov, a 45-year-old Kazakh deputy prime minister is
shown in this September 4, 2001 file photo. 

Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов — Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының 5-нші Премьер-Министрі (2001-2003). 25 жасынан саясатқа араласқан ол Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасының Жастар істері бойынша Мемлекеттік комитетінің төрағасы (1991 жыл) жауапты лауазымдарында таныта білді. 1993 жыл ҚР Президентінің көмекшісі болып жұмыс істеді. Келесі жылы қазіргі қызметі секілді ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. 1997 жылы Вице-премьерлікпен қоса Білім және мәдениет министрін қызметін қоса атқарды. Сосын ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болып ауысты. 1998 жылдан – ҚР Президентінің бірінші көмекшісі. 1999 жылы Атырау облысының әкімі болып кетті. 2000 жылдың желтоқсанында екінші рет ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметіне келді. 2002 жылы алғаш рет Үкіметті басқарды. 2003 жылы ҚР Мемлекеттік хатшысы болды. Ал 2004 жылы екінші мәрте ҚР Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. 2004 жылдың желтоқсанынан 2008 жылдың сәуіріне дейін – Алматы қаласының әкімі қызметін атқарды. 2008 жылдың сәуірінен 2014 жылдың қазанына дейін – Астана қаласының әкімі болды. Соңғы екі жыл бойы Қорғаныс министрлігін басқарды. 2016 жылдың 9 қыркүйегінде Үкіметбасшысының орынбасары болған ол, 2018 жылы 3 ақпанда Қазақстан Республикасының Ресей Федерциясындағы төтенше және өкілетті елшісі болып кетті. 

Даниал Кенжетайұлы Ахметов — Шығыс Қазақстан облысы әкімі, саяси қайраткер, экономика ғылымдарының докторы (2003). ҚР Премьер-Министрі қызметін 2003-2007 жылдар аралығында атқарған.

Серік Нығметұлы Ахметов (25 маусым 1958, Теміртау қаласы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — Қазақстан Республикасының сегізінші Премьер-Министрі. Үкімет басшылығында Серік Нығметұлы 2012-2014 жылдар аралығында отырған.

Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы — 2014 жылдың 7 сәуірінен бастап  2016 жылы 9 қыркүйекте ҰҚК басшысы болып кеткенге дейін ҚР Үкіметін екінші рет басқарды. Ол Қазақстан Республикасысының Премьер-Министрі (2007 – 2012), мемлекет қайраткері. Мамандығы бойынша қаржыгер, заңгер, қытайтанушы, экономика ғылымдарының докторы.

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев – 2016 жылдың 9 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметі басшысы. Табиғи монополиялар саласын мемлекеттік реттеу, шағын және орта бизнесті дамыту тақырыптарына арналған бірқатар ғылыми жұмыстың авторы.

Оставить комментарий

avatar
  Жазылу  
Ескерте салу