Ерлан Қарин

Ерлан Тынымбайұлы Қарин — мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттанушы, ғалым.

Ерлан Қарин 26 мамыр күні 1976 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында дүниеге келген.

1997 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша оқыған,

1999 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Философия және саясаттану факультетін тәмәмдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты (диссертация тақырыбы: «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіндегі ішкі саяси аспектілер»).

1996—1998 жылдары Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде саясаттану кафедрасында мұғалім болған.

1998—2000 жылдары Қазақстанның даму институтының Саяси зерттеулер орталығында қызметкер, Ресей және Қытай институтының директорының орынбасары.

2000-2003 Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры.

2004 жылдан 2006 жыл аралығында Антитеррорлық бағдарламалар орталығының жетекшісі.

2006 жылы Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың қоғамдық және саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі.

2008 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Сол жылдың қараша айында Нұр-Отан партиясының стратегиялық даму жөніндегі хатшысы болды.

2014дың 16 қазанынан 2017 жылдың 9 ақпанына дейін ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры болып тағайындалды.

2017 жылдың 9 ақпанында «Қазақстан» РТРК» төрағасы болып тағайындалды.

Сонымен бірге, Ерлан Қарин — Қазақстандағы Джиу-джитсу мен МММ құрметті президенті. Қазақстандық және шетелдік ғылыми және мерзімдік басылымдарда жарық көрген 100 астам мақалалар авторы. «Құрмет» орденімен (2010), «Астанаға 10 жыл» (2008), «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне 20 жыл» (2012), «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісі (2018) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Ерлан Тынымбайұлы — ҚР Сыртқы істер министрлігінің қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Қазақстанның халықаралық қатынастары жөніндегі кеңесінің төрағасы.

Оставить комментарий

avatar
  Жазылу  
Ескерте салу