Айдос Сарым

Айдос Сарым — 1975 жылы 10 қыркүйекте туған. 1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тарих мамандығы бойынша тәмамдаған. Саясаттанушы. Abai.kz қазақ интернет кеңістігін дамыту қорының негізін қалаушы, Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қоғамдық қордың құрушыларынан.

Ол әр жылдары ҚР Мұрағаттар мен құжаттамалар бас басқармасының бас инспекторы, кеңесшісі, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері, Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің директоры, ҚР Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі, «Ақ жол» партиясының баспасөз-хатшысы, кеңесшісі, «Нағыз Ақ жол» партиясы тең төрағасының кеңесшісі, «Жас Алаш»газеті бас редакторының орынбасары, ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кеңесшісі қызметтерін атқарды.

2018 жылы 27 тамызда Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевтің кеңесші болып тағайындалды.

Оставить комментарий

avatar
  Жазылу  
Ескерте салу